«Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес»

38smdpDxxgc

Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің есімі араб тілінен аударғанда «елші» деген мағынаны білдіреді. Ол «Петро Сираков» халықаралық турнирінің жеңімпазы (Болгария, 2010), Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Румыния, 2011), Әли Әлиев атындағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері (Ресей, 2013), Әлем чемпионатының 5-і орын иегері (Венгрия, 2013), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Үндістан, 2013), «Тахти кубогі» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері (Иран, 2014), Азия чемпионы (Астана, 2014), Инчхонда өткен ХVІІ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ол – ел мақтанышы Расул Қалиев. Continue reading ««Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес»»

Advertisements

Мен сағынған асыл жүректің иесі…

Мен бүгін қайта сәби қалпыма енгім келді… Әжесінің кеудесіне басын қойып ертегі тыңдаған сәтім есіме түсті. Маңдайымнан иіскеген әр сәтіңіз жүректе мәңгілікке сақталды. Тек сізбен қоштаса алмадым.
“Атаң анау аспанда қарап тұр” деуші едіңіз. Қазір бізге екеуіңіз бірге қарап тұр ме екенсіздер?
Сағындым… Апа, сізді қатты сағындым. Сіздің күлімдеген жүзіңізді, ыстық алақаныңызды сағындым. “Айналайын, аман бол” деген сөзіңізді сағындым. Continue reading «Мен сағынған асыл жүректің иесі…»

«Тараз бүкіл әлем тамсанатын тарихи қала болады»

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,»Педагогика, психология және тарих» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байдалиев Дархан Дәулетжанұлымен сұхбат

-Әңгімемізді Тараз қаласы көк базар аумағында жүріп жатқан қазба жұмыстарынан бастасақ. Continue reading ««Тараз бүкіл әлем тамсанатын тарихи қала болады»»

Student деген кім?

«Студент» термині латын сөзінен шыққан. Аударғанда «іждағатты жұмыс жасайтын», әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Лисовский жіктеген студенттердің типологиясы:

«Үйлесімді»
Өз мамандығын саналы түрде таңдаған. Өте жақсы оқиды. Ғылыми жұмыстармен айналысады. Қоғамдық өмірде белсенді. Әдебиет пен мәдениетке қызығушылығы өте жоғары. Дамыған, мәдениетті, тез тіл табысқыш, спортпен шұғылданады. Адал, кемшіліктерді ұнатпайды, байсалды. Мейірімді әрі сенімді дос бола алады. Ұжымдағы беделі өте жоғары. Continue reading «Student деген кім?»

«Ұлы Гэтсбиді» сөйлеткен инфографика

Фрэнсис С. Фицджеральдтың «Ұлы Гэтсби» романымен танысудың бірнеше жолы бар. Бес фильмнің біреуін, мысалы Леонардо басты рөлді Ди Каприо сомдаған соңғы нұсқасын тамашалауға болады. Сондай ақ, роман желісі бойынша театрларда бірнеше спектакльдер қойылды. Тіпті опералық қойылымдар да сахналанған болатын. Ал 2010 жылы «Ұлы Гэтсби» негізінде ойын жасалды. Оны iPad арқылы ойнауға болады. Ал бұл жолы Pop Chart Lab дизайнерлер тобы «Ұлы Гэтсбидің» барлық сюжетін бір суретке сыйдырды. Continue reading ««Ұлы Гэтсбиді» сөйлеткен инфографика»

Шиенге барғанда…

«…Зулатып келеміз, мамыр айының жайма-шуақ әдемі бір уақыты. Алматы-Бішкек тасжолынан кері бұрылып, тау жаққа беттедік. Бағытымыз Шиен ауылы. Жол да кедір-бұдыр бола бас­тады. Машинаның жылдамдығы бұрынғы қарқынынан төмендеді…»

Қоғам қайраткері, киноактер Нұрлыбай Есімғалиевтың Қазақстан киносының майталман режиссері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Қанымбек Қасымбеков жайлы жазған естелігі осылай басталады… Continue reading «Шиенге барғанда…»

Шерхан ата

Бұл күн менің есімде мәңгіге сақталады. Тараз қаласындағы «Астана» ықшам ауданында сүйікті жазушым Шерхан Мұртаза үйінің алдында біраз тұрдым… Қорқыныш. Үрей. Сенімсіздік. Екінші қабатқа көтеріліп қоңырауды бастым… Осылайша мен әп-сәтте өзім ынтық болған Шерағаңның әлеміне қадам жасамақпын. Именемін. Бойымды діріл билейді…

Шерхан Мұртаза, 2013

Маған Шерхан Мұртазамен бір дастарханда отыру бақыты да бұйырды сол күні. Шерхан атаның əңгімесін тыңдаудан басталған кездесу, «ата мен немеренің» əңгімесіне жалғасты.
Қонақ бөлмеде үлкен картина ілініп тұр. Ата оған ұзақ ойлана қарап отырды. «Тəңіртаудан бері шауып келе жатқан Ақбоз ат. Көзім нашар, бірде құйрығын, бірде басын көре алмай қаламын», – деді бір кезде.
Мен оны өзімше түсіндім… Тəңіртаудан, Мыңбұлақтан үлкен өмірге шауып бара жатқан Ақбоз ат, ол – Шерхан Мұртаза. Естеріңізде ме, «Ай мен Айшада» вагонның төбесіне шығып, Шақпақтың желіне кеудесін тосып кетіп бара жатқан сəт… Continue reading «Шерхан ата»