Қыздарға айтар сырым бар…

Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инаббатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.
«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі де бар.
Қазақта қыздарға қатысты мақал, нақыл сөздер көп-ақ. Керектісін блокнотыма жазып алып жүретін едім. Бүгін блогыма жариялаудың реті келіп тұр. Ата-бабаларымыздың айтқан өсиеттері қыздарға «ақыл айтқыш» Ағатайтың ақылынан мың есе артық сияқты. Оқып көрейік…

1. Қыздың сырын білгің келсе, құрбысымен тілдес
2. Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
3. Қыздан – қыздың несі артық, мінез, қылық, ісі артық.
4. Ерін сыйламаған әйелден ел қашады.
5. Жақсы әйел жаман еректі ер етеді,
Жаман әйел жақсы еркекті жер етеді
6. Әйел – үйдегі ырысың,
7. Әйелің ақылды болса, өз ақылың жан қалтаңда қалады.
8. Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса сұлулықты ит те түсінеді. (Ғабит Мүсірепов)
9. Сұлулық – әйелдің бақыты, бағалай алмаса соры. (Лев Толстой)
10. Сұлу әйелге құлшылық етуден еркектің басы төмендемейді, қайта биіктей түседі. Әйелге қвзмет ету – әлемге қызмет етудің бір бөлшегі. (Лев Толстой)
11. Ақылды қыз білімге жүгірер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
12. Қыз назы қырық кісіні мас қылады.
13. Қыздың қабағында құт бар.
14. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді.
15. Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.
16. Қызды қымтам ұстаған ұялмайды.
17. Қыздың ұяты шешеге.
18. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
19. Қыз қылығымен.
20. Шешесіне қарап қызын ал,
Аяғына қарап асын іш.
21. Қызы бардың назы бар.
22. Қызға қырық үйден тыйым.
23. Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады.
24. Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу.
25. Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
26. Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
27. Жақсы үйге түскен келiн – келiн болады.
28. Келiнi жақсының – керегесi алтын.

9 thoughts on “Қыздарға айтар сырым бар…

  1. ееееееее де…. қосарым «қыз жүрген жерде өсек жүреді» деген өмір шындығы және бар…қыздар өсектен аулақ болса екен саф тазалығын тотықтырмай….

  2. Өзі туралы үлкен ойлайтын қыз,
    Үйінде отырып қартаяды.

    Әйелдің ақылдысы – сенде,
    Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс.

    Ерлі-зайыпты адамдар ұрысқанда,
    Махаббат сорлы құйрығын қысады.

    Әйел күйеуінің өлгенін тілемейді,
    Өзінен кейін тірі қалғанын да қаламайды.

    Қызың өссе бұрынғыдай күнің жоқ,
    Есік пенен телефонға тыным жоқ.

    Күйеуі соқыр болса –
    Салақ қатынның жаны тыныш.

    Тоқал үйге кіріп келе жатқанда
    Тыныштық үйден шығып бара жатады.

    Отпен ойнама – күйіп тынасың,
    Қызбен ойнама – сүйіп тынасың.

    Қыздың еркелігі ұзатылған күні бітеді,
    Жігіттің жауапкершілігі сол күні басталады.

    Қызды сүйгеніне,
    Тіпті тигеніне бер!

    Қыздың қызыл юбка кигені, –
    Күйеуге дайын болғаны.

    Әйелдің тілі ащы,
    Еркектің жұдырығы жаман.

    Екі әйел бар үйде еден жуылмайды.

    Әр нәрсенің өз міндеті бар:
    Шеге балғаға не деп ренжиді.

    /Қадыр Мырза Әлінің әзіл-шыны аралас нақыл сөздерінен үзінді/

Пікір қалдыру