«Ясанхау» «Дайайфосын» іздеп жүр…

-Ата! Мен өлең жаздым. Бүгін сізге оқытуға келемін!
Әр тақпақ жазған сайын Айдай атасына келетін. Кішкентай кезімізде бәріміз де өлең жазғыш едік қой. Атамыз секілді ақын боламыз деп… Әсіресе, Айдай алдына жан салмайтын. «Қамбар» атты ең алғашқы өлеңі үзік-үзік есімде қалыпты. «Жап-жақсы, сары шақалақ!» Ата көзілідірігін шешіп жатып, осылай дейтін.

Маған мұндай мақтау есту қайда-а-а? Ақындығым жоқ еді ол кезде. Сонда да, Айдайдан атамды қызғанып, бұртиып қалатынмын.

«Егіншінің баласы арық қазып ойнайды» дегендей, ақынның немерелері де шимайлап өлең жазады ғой.
Негізі, біздің Айдай атаға қатты ұқсайды. Өздері ақшыл сары, мұрындары сәл үлкендеу, шаштары сап сары. «Ата меніңке. Мен ұқсаймын» деп мені ренжітіп кететін.

Мен де әжептеуір бұлқан-талқаным шығып, екеуіне де өкпелеп қалатынмын.
«Дайайфо», «Мирайфо», «Ясанхау» бұл атаның бізге қойған есімдері. (алдынғы жазбамда да жазған болатынмын) Айдай, Аймира және мен Сәния. Біз бір атаның балалары болғанымызбен, ұқсамаймыз бір-бірімізге. Мінезіміз, түріміз… «Ақындығымызды» қоспағанда, әрине.


Бүгін осы суретке назарым ерекше ауды. Сені сағынған болармын. Сағындым, әрине. Бұл суреттен соң бірге түскен суретіміз жоқ екен. Есейген шақ бізді алыстатып жіберді ме екен? Мүмкін…

«Айдай» есімің де, өзіңе жарасып тұр. Жүрген жеріңді нұрға бөлеп, шуақ шашып жүресің.
«Ақындығыңнан» бөлек әншілігің де, бишілігің де бар еді ғой. Ата, апа, мама, папаларымызды отырғызып қойып концерт қоятынбыз. Мен жүргізушімін. (Ендіііі, журналист болатынымды сезген шығармын) Түрлі-түсті қағаздардан заттар жасап, шар, маталарды іліп, сәндеп те қоямыз «сахнамызды». Есіңде ме?

Сол ақын қыз қазір өзгерген, мүлдем басқа. Ал мен ұмытпадым. «Студент» атанғаныма сене алмай, бала күнді аңсаған бала көңіл «атасының ерке қызы» болғанымнан шығар.

Ол кездер оралмас ешқашан. Тек бақытты шақтың үзік-үзік суреттері жадыңда мәңгіге сақталып қалады екен. Еске түскен сайын еріксіз жымиясың…

8 thoughts on “«Ясанхау» «Дайайфосын» іздеп жүр…

    1. да..окып бир жылап алдым..шынымен..есиме тусип кетти..сагынамын сол кездерди..

      молодец Сони..умытпаганына сол кездерди..каламмен ак паракка тусирип тагы да елжиретип койдын апкелеринди..*тфай тфай тфай..шабытынды жогалтпа!!!

      1. рахмет, Айдай.
        Балалық шағымызға бір оралып қайтқандай болдық қой…

Пікір қалдыру