«Құмырсқа илеуінің» дәмін татқыңыз келеді ме?

Қазір «Муравейник» немесе чак-чак деп аталып жүр. Түріне қарасаң, қалай жасалғанын бірден аңғара қоймайсыз. Алайда, жасалуы өте оңай, көп уақыт та алмайды.

Қамыры үшін:
Сары май немесе маргарин – 200 г,
«Разрыхлитель» қазақшасы «қамыр қопсытқыш»-деп аударылып жүр 1,5-2 шай қасық немесе ас содасы (уксуспен),
аздап тұз
Ұн

Дайындалу жолы:

1. Ұнға «қамыр қопсытқышты» қосып бөлек араластырып аламыз.
2. Сары май немесе маргаринді ерітіп, соданы, тұзды қосамыз. Жақсылап араластырамыз.

3. Оған ұнды қосып, қамырды шар формасында қатты қылып илейміз. 30-40 минут мұздатқышқа салып қоямыз.
4. Қамыр қатты болған соң, жайлап еттартқыштан өткіземіз. Қатарымен формаға орналастырып,
180°C тепмературада 25-30 минуттай духовкада пісіреміз..

5. Дайын болған қамырды қолмен үгітіп, оған үгітілген жаңғақ, орех немесе мейіз қоссақ дәмді болады. Одан соң, қойыртылған сүтпен (сгущенка) араластырамыз. Сгущенканы алдын ала қайнатып алу керек.

Өзімнің аспаздық блокнотымнан алып жазып қойдым. Тексерілген. =)

4 thoughts on “«Құмырсқа илеуінің» дәмін татқыңыз келеді ме?

Пікір қалдыру