«Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес»

38smdpDxxgc

Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің есімі араб тілінен аударғанда «елші» деген мағынаны білдіреді. Ол «Петро Сираков» халықаралық турнирінің жеңімпазы (Болгария, 2010), Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Румыния, 2011), Әли Әлиев атындағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері (Ресей, 2013), Әлем чемпионатының 5-і орын иегері (Венгрия, 2013), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Үндістан, 2013), «Тахти кубогі» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері (Иран, 2014), Азия чемпионы (Астана, 2014), Инчхонда өткен ХVІІ Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ол – ел мақтанышы Расул Қалиев. Continue reading ««Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес»»

Мен сағынған асыл жүректің иесі…

Мен бүгін қайта сәби қалпыма енгім келді… Әжесінің кеудесіне басын қойып ертегі тыңдаған сәтім есіме түсті. Маңдайымнан иіскеген әр сәтіңіз жүректе мәңгілікке сақталды. Тек сізбен қоштаса алмадым.
“Атаң анау аспанда қарап тұр” деуші едіңіз. Қазір бізге екеуіңіз бірге қарап тұр ме екенсіздер?
Сағындым… Апа, сізді қатты сағындым. Сіздің күлімдеген жүзіңізді, ыстық алақаныңызды сағындым. “Айналайын, аман бол” деген сөзіңізді сағындым. Continue reading «Мен сағынған асыл жүректің иесі…»

«Тараз бүкіл әлем тамсанатын тарихи қала болады»

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,»Педагогика, психология және тарих» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Байдалиев Дархан Дәулетжанұлымен сұхбат

-Әңгімемізді Тараз қаласы көк базар аумағында жүріп жатқан қазба жұмыстарынан бастасақ. Continue reading ««Тараз бүкіл әлем тамсанатын тарихи қала болады»»

Student деген кім?

«Студент» термині латын сөзінен шыққан. Аударғанда «іждағатты жұмыс жасайтын», әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Лисовский жіктеген студенттердің типологиясы:

«Үйлесімді»
Өз мамандығын саналы түрде таңдаған. Өте жақсы оқиды. Ғылыми жұмыстармен айналысады. Қоғамдық өмірде белсенді. Әдебиет пен мәдениетке қызығушылығы өте жоғары. Дамыған, мәдениетті, тез тіл табысқыш, спортпен шұғылданады. Адал, кемшіліктерді ұнатпайды, байсалды. Мейірімді әрі сенімді дос бола алады. Ұжымдағы беделі өте жоғары. Continue reading «Student деген кім?»

«Ұлы Гэтсбиді» сөйлеткен инфографика

Фрэнсис С. Фицджеральдтың «Ұлы Гэтсби» романымен танысудың бірнеше жолы бар. Бес фильмнің біреуін, мысалы Леонардо басты рөлді Ди Каприо сомдаған соңғы нұсқасын тамашалауға болады. Сондай ақ, роман желісі бойынша театрларда бірнеше спектакльдер қойылды. Тіпті опералық қойылымдар да сахналанған болатын. Ал 2010 жылы «Ұлы Гэтсби» негізінде ойын жасалды. Оны iPad арқылы ойнауға болады. Ал бұл жолы Pop Chart Lab дизайнерлер тобы «Ұлы Гэтсбидің» барлық сюжетін бір суретке сыйдырды. Continue reading ««Ұлы Гэтсбиді» сөйлеткен инфографика»

Шиенге барғанда…

«…Зулатып келеміз, мамыр айының жайма-шуақ әдемі бір уақыты. Алматы-Бішкек тасжолынан кері бұрылып, тау жаққа беттедік. Бағытымыз Шиен ауылы. Жол да кедір-бұдыр бола бас­тады. Машинаның жылдамдығы бұрынғы қарқынынан төмендеді…»

Қоғам қайраткері, киноактер Нұрлыбай Есімғалиевтың Қазақстан киносының майталман режиссері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Қанымбек Қасымбеков жайлы жазған естелігі осылай басталады… Continue reading «Шиенге барғанда…»

Шерхан ата

Бұл күн менің есімде мәңгіге сақталады. Тараз қаласындағы «Астана» ықшам ауданында сүйікті жазушым Шерхан Мұртаза үйінің алдында біраз тұрдым… Қорқыныш. Үрей. Сенімсіздік. Екінші қабатқа көтеріліп қоңырауды бастым… Осылайша мен әп-сәтте өзім ынтық болған Шерағаңның әлеміне қадам жасамақпын. Именемін. Бойымды діріл билейді…

Шерхан Мұртаза, 2013

Маған Шерхан Мұртазамен бір дастарханда отыру бақыты да бұйырды сол күні. Шерхан атаның əңгімесін тыңдаудан басталған кездесу, «ата мен немеренің» əңгімесіне жалғасты.
Қонақ бөлмеде үлкен картина ілініп тұр. Ата оған ұзақ ойлана қарап отырды. «Тəңіртаудан бері шауып келе жатқан Ақбоз ат. Көзім нашар, бірде құйрығын, бірде басын көре алмай қаламын», – деді бір кезде.
Мен оны өзімше түсіндім… Тəңіртаудан, Мыңбұлақтан үлкен өмірге шауып бара жатқан Ақбоз ат, ол – Шерхан Мұртаза. Естеріңізде ме, «Ай мен Айшада» вагонның төбесіне шығып, Шақпақтың желіне кеудесін тосып кетіп бара жатқан сəт… Continue reading «Шерхан ата»

Бір шоқ раушан…

5cbb5680ff9b0614b8f4a3b82d2688ce

Балалар үйі… Барлығын бір тағдыр тоғыстырған өзінше әлем. Мұнда барлығы бар, ойыншықтың түр-түрі, киер киім, тамақ тоқ. Шаттанып күлу мен ғажайыпқа сену жоқ. Мұнда сағыныш бар. Жауапсыз сағыныш. Кімді, не үшін күтіп жүргендерін де білмейді. Анасы баяғыда жоқ болған. Сонда да сағыныш маза бермейді…

Жетімдер – тағдырдың тәлкегіне себепсіз, ертеден түскен күрескерлер. Ананың алақанынан, әкенің құшағынан маһрұм қалудан артық адам баласына қандай жаза бар. Continue reading «Бір шоқ раушан…»

ӨМІР – КҮРЕС. КҮРЕС – ӨМІР

x_a5e3e5b5

«Бұл өмірде ештеңе де оңай берілмейді. Өзіңнің діттеген мақсатыңа жету үшін де күшіңді жұмсап, уақытыңды бөліп немесе өзіңе шек қоюың керек. Кейде барлығынан баз кешіп, армандарыңнан бас тартқың келетін кездер де болады.  Сол сәтте, егер ары қарай жүрсең көп нәрсеге қол жеткізетініңді, егер берілсең барыңнан айрылатыныңды ойла». Олар қиналған сәтте Мұхаммед Әлидің осы сөзін еске алады.

Өмір – күрес. Күрес – өмір. Ол – өмірлік мақсат, ол – тағдыр жолы. Біреу үшін жеңіс, біреу үшін жеңіліс, біреуге сәттілік, біреуге сәтсіздік. Алайда, барлығын бір мақсат пен бір арман күрес әлеміне жетеледі. Ол әлемде тынымсыз еңбекпен келген жеңістің дәмін татқандар көп. Біз тек күресті теледидардан тамашалап, жерлестеріміздің жеңісіне шын ниетімізден қуанамыз. Ал жүректегі толғаныс пен жандүниедегі жарылысты экранның арғы бетіндегі, біздер, байқай бермейміз. Олардың сезімдері, сырлары, толғаныстары, армандары іштерінде ашылмай сақталып жатады. «Күрестің мәні жеңіс пен жеңіліс емес. Оның мәні көрерменнің алдында өз бақытың үшін күресуде», – дейді Қажымұқан атамыз. Біз үшін спортшылар әлемі басқа дүниедей көрінеді… Continue reading «ӨМІР – КҮРЕС. КҮРЕС – ӨМІР»

АЛЫП ШАҺАРДЫҢ БАҚЫТСЫЗ ТҰРҒЫНЫ

Алматы… Түрлі тағдырды тоғыстырған Алматы. Біреуді бақытты еткен, біреуді бақытсыз еткен Алматы. Біреуге қуаныш сыйлап, біреуді жылатқан Алматы…

Үйсіз де, күйсіз де осында, жұмыссыз да осында, қоқыс жағалаған да осында, тәнін саудаға салған да, жанын саудаға салған да осында…

Әйтеуір, күйбің тіршілік…
e45c4871affb33a982845ed8a96f0b61 Continue reading «АЛЫП ШАҺАРДЫҢ БАҚЫТСЫЗ ТҰРҒЫНЫ»

Қараңғылықтан қорқамын (қара сөзбен жырлайын…)

85qakjDuGjQ

«Нағыз махаббат – азапты махаббат», «Шын ғашықтар қосылмайды» деп жатады. Біздің арамызда қаншалықты кіршіксіз сезім болғанын әлі күнге дейін білмеймін. Достығымызды махаббатпен, махаббатты ғашықтықпен шатастырып алған шығармын.

Бұл оқиға менің өмірімнен ойып орын алды. Еске түскен сайын, түсім емес пе екен деп қала беремін. Қанша уақыт өтті, жүрегімнің түбіне тығып қойған сезімім әлі өшкен жоқ. Ол ылғи да менің жүрегімде…

«…Сенің көзің түпсіз терең, тұңғиықтан жаралған…» Continue reading «Қараңғылықтан қорқамын (қара сөзбен жырлайын…)»

Қарттар үйі, қатал тағдыр…

Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы.Қарттар үйі… Бұл — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.

Сания

Алматы қаласы Мамыр 7 ықшам ауданында орналасқан Ардагерлер үйі қазынаға толы. Мұндағы әр ата-әженің тағдыры бір дастан, жазылмаған тарих, өшпес өнеге. Қазір бұл үйде 320 адам өмір сүріп жатыр. Олардың 50-ден астамы қазақ қарттары. Мұнда Жүсіпбек Аймауытовтың ұлы, Тұрар Рысқұловтың жиені өмірден өткен екен. Кеңес өкіметі тұсында 15 жылдай Білім министрінің орынбасары қызметін атқарған Әуезхан Қанафин, ұзақ жылдар бойы Ақсу Жабағылы қорығының ғылыми қызметкері болған эколог-ғалым Төлеуішұлы Бектұр, 11 Ұлы Отан соғысының ардагері және 144 еңбек ардагерлері бар.

Біз мұнда 4 рет келдік. Санамыздағы сан сұраққа жауапты қарттардың көзінен көрдік. Ата-анасын тастаған безбүйрек балаларға, аталардың жұпыны түрін көріп басшылыққа ренжідік. Тек көңілдері ғана емес, киімдері де жүдеу секілді. Continue reading «Қарттар үйі, қатал тағдыр…»

Шәкірт лебізі (Алғашқы ұстазым Күлшәй Құрамашева жайлы үзік сыр)

Адам есейген сайын алыста қалған балалық шағын қатты сағынады екен. Алаңсыз бақытты шақтың тәтті күндері жиі еске түседі. Бала арман, бала қиял, бала махаббат… Ойға оралған сайын еріксіз жымиясың. Барлығын тастап, балалық шақ әлеміне сапар шеккің келеді. Continue reading «Шәкірт лебізі (Алғашқы ұстазым Күлшәй Құрамашева жайлы үзік сыр)»

Қалың қалай, жолаушы?

«Үйден он қадам аттап шыққан жолаушы – мүсәпір» дейді қазақ. Бүгінгі дамыған ғасырдың жолаушысы отарбамен баратын жеріне жетіп жатады. Қарапайым халыққа қазіргі уақытта тиімдісі де осы. Дегенмен, «ұзақ сапарға шыққан сол жолаушылар жол-жөнекей немен тамақтанады?» деген сауалға жауап іздеп көрейік. Бағытымыз – Тараз қаласындағы Темір жол Вокзалы.

Әйтсе де, әр станса, вокзал қызу сауданың ортасы екені бұрыннан белгілі. Қыстың күні қолдан тамақ алу аса қауіпті болмаса да, жаздың ыстығында бұл қиындық тудырып жатады. Зерттеу барысында жолаушылардың уақтылы қажетін өтеуге төрт түрлі топ жұмыс жәрдем жасайтынын анықтадық. Continue reading «Қалың қалай, жолаушы?»

Алтын кілт кімге керек? ))

Дәл ертегідей… Келе жатып жолдан алтын кілт тауып алдың. Әп сәтте Айналаңда Буратино, Винни пух пен пятачок, Симба – бәрі шыға келді))) Алиса да бар… Бу!Ра!Ти!Но! Бу!Ра!Ти!Но! барлығы көңілді.
Ал, сенің қолыңда – Алтын Кілт! Ешкімнің қолы жетпеген… Дүниенің кілті, Бақыт кілті…


Сіз қай есікті ашар едіңіз? Бәлкім, жүрек құлпын? Әлде, ертегілер әлеміне апарар есікті?

Әрине, бәрі де қиял ғой…Сонда да, бір сәт армандар көрейікші…

Қыздарға айтар сырым бар…

Қазақ қыздарын бала күнінен еркелетіп, бетін қақпай өсірген. Бұл қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендігін аңғартады. Сондықтан да, тәрбиелі, инаббатты, намысты, ибалы арулар қазақ отбасында тәрбиеленіп шығады.
«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі де бар.
Қазақта қыздарға қатысты мақал, нақыл сөздер көп-ақ. Керектісін блокнотыма жазып алып жүретін едім. Бүгін блогыма жариялаудың реті келіп тұр. Ата-бабаларымыздың айтқан өсиеттері қыздарға «ақыл айтқыш» Ағатайтың ақылынан мың есе артық сияқты. Оқып көрейік…
Continue reading «Қыздарға айтар сырым бар…»

Дастархан «гүлі»

Дастарханның сәні тек дәмді тағамдар ғана емес. Тәрелке, бокал, шанышқы, қасық, салфетканың (майлық) да орны бөлек. Әркім өз талғамына сәйкес дастарханды әрлейді. Ыдыстарды өзінше орналастырады. Салфетканы да қоюдың да түрлі жолдары бар. Мысалы: Continue reading «Дастархан «гүлі»»

Туған күнің құтты болсын, жаным!

Бүгін менің ең әдемі, ең сүйкімді, ең ерке құрбымның туған күні . Әсия бугін жиырма жасқа толды. Әсияжан, туған күніңмен!

Менің жүрегімнен алған орның ерекше. Жан құрбым менің! Танысқанымызға екі жылдай ғана уақыт өтті. Балапан жүрегіміз алып ұшып, жаңа өмірдің табалдырығын аттаған сәтте тағдыр бізді жолықтырды. Қызығы мол студенттік өмірге бірге еніп кеттік. Енді міне, өмірдің қызық күндерін бірге өткізіп келеміз. Менің қасымда болғаныңа рахмет.
Саған бар жықсылықты тілеймін!
Арайлап атқан әр таңың көктем күніндей шырайлы болсын. Алла саған, жердігі құлпырған әсем гүл, нәзік жанға, шуағын шашсын. Сен көріктісің. Бойыңа мейірімділікті, сұлулық пен әсемдікке іңкәрлікті, өмірге құштарлықты, жандүниеңдегі сезімталдықты, нәзіктік пен махаббатты жинадың. Әсия, сен Алланың бізге берген сыйысың, өзіңді кұткен жанның арман гүлісің. Алла тағала саған қыз қуанышы мен ана бақытынан шуақ шашсын, жаным. Бақытты бол, денсаулығың мықты болсын. Ғұмырлы бол! Continue reading «Туған күнің құтты болсын, жаным!»

«Құмырсқа илеуінің» дәмін татқыңыз келеді ме?

Қазір «Муравейник» немесе чак-чак деп аталып жүр. Түріне қарасаң, қалай жасалғанын бірден аңғара қоймайсыз. Алайда, жасалуы өте оңай, көп уақыт та алмайды.
Continue reading ««Құмырсқа илеуінің» дәмін татқыңыз келеді ме?»

«Ясанхау» «Дайайфосын» іздеп жүр…

-Ата! Мен өлең жаздым. Бүгін сізге оқытуға келемін!
Әр тақпақ жазған сайын Айдай атасына келетін. Кішкентай кезімізде бәріміз де өлең жазғыш едік қой. Атамыз секілді ақын боламыз деп… Әсіресе, Айдай алдына жан салмайтын. «Қамбар» атты ең алғашқы өлеңі үзік-үзік есімде қалыпты. «Жап-жақсы, сары шақалақ!» Ата көзілідірігін шешіп жатып, осылай дейтін.

Маған мұндай мақтау есту қайда-а-а? Ақындығым жоқ еді ол кезде. Сонда да, Айдайдан атамды қызғанып, бұртиып қалатынмын. Continue reading ««Ясанхау» «Дайайфосын» іздеп жүр…»